Орыс тілінен ажырап қалсақ байымаймыз, кедейленеміз

Dalanews 18 авг. 2017 04:28 858

Назарбаев «Хабар» агенттігінің тілшілеріне сұхбат берді. Ол рухани жаңғыру үдерісіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты. Сондай-ақ, Назарбаев отандық туризмді дамытудың перспективалары мен өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы және латын әліпбиіне көшу туралы ойын айтты.

«Латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деп жатқан жоқпыз. Алыпқашпа сөзбен осыны кейбір саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби – қазақтың тіліне байланысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзі орыс тіліне көп аударылған. Барлығынан ажырап қалсақ, біз байымаймыз, кедейленеміз.
Қазақстанның орыс тілді халқы үшін кириллица қолданыста қала бермек.

Бұл – үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында бір-екі мәтінін қарайтын боламын. Осыған шұғылданып жүрген ғалымдарды, тілмаштарды – барлығын жинап, солармен отырып, бір жобаға тоқтайтын боламыз», – дейді Назарбаев.

Бұдан бөлек, Президент халықаралық ЕХРО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ойымен бөлісті.

Сұқбаттың толық нұсқасын 21-тамыз, дүйсенбі күні кешкі сағат 21:30-да «Хабар» және «Хабар 24» арналарынан көре аласыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=EBhQtz2W_kI&feature=youtu.be

Рекомендовать
Последние новости