Орыс пен қырғыз АЭС салуға уағдаласты

Dalanews 23 янв. 2022 03:03 952

"Росатом" мемлекеттік корпорациясы мен Қырғызстан энергетика министрлігі шағын атом электр станцияларын тұрғызу бойынша әріптестік меморандумына қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Росатомның ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, құжат 20 қаңтарда Дубайдағы "Экспо-2020" көрмесінде қабылданған. Ресей шағын атом технологиясын осы жерде көрсеткен.

Меморандумға корпорацияның бас директоры Алексей Лихачев пен қырғыз Энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаев қол қойды.

– Қырғызстандағы мұндай атом станциялары елдің энергетикаға сұранысын өтеп қана қоймай, халық тұрмысының сапасына, Орталық Азиядағы ғылыми-техникалық жағдайының дамуына оң әсер етеді, – деп мәлімдеді Алексей Лихачев.


Қырғызстанның энергетика министрлігі әріптестік меморандумы туралы мәлімет таратып, "қырғыз жағы бар болғаны қызығушылық білдіргенін", Қырғызстан аумағында шағын АЭС салу туралы шешім қабылдау үшін көп уақыт қажет екенін мәлімдеген.

 

Рекомендовать
Последние новости