Назарбаевтың қоры «Қазақстан халқына» қорына 500 миллион теңге бөлді

Dalanews 23 янв. 2022 02:35 1176

Назарбаев «Қазақстан халқына» қорына 500 миллион теңге бөлуді тапсырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 500 миллион теңге аударды» делінген хабарламада.

«Нұрсұлтан Назарбаев» қоры – дарынды жастарды қолдау, ерекше қажеттілігі бар балаларға сауықтыру жобаларын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді қолдау, қайырымдылық көмек көрсетуге арналған коммерциялық емес ұйым.


Таяуда Азаттық порталы Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP), қазақстандық Vlast.kz және қырғызстандық Kloop.kg басылымы жаңа зерттеуінде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің атындағы қорлар арқылы ірі активтерді бақылап отырғанын анықтаған.

Зерттеуде Назарбаевқа тиесілі қорлар қымбат отель, жеке ұшақ, гольф алаңы, сауда орталықтары, телеканалдар мен банктерді иеленіп отырғаны жазылған. OCCRP Назарбаев қорына тиесілі активтерде кемі 7,8 млрд доллар барын анықтаған.


Айта кетері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Белгілі қаржыгер, экономист Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы болып бекітілді. «Қазақстан халқына» қоры халық проблемаларының шешімін табу бойынша жұмыс істейді.

Рекомендовать
Последние новости