Ауданда 57 жобаға бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Ауыз сумен қамту бойынша 57 елдімекеннің 39-ы тәулігіне 24 сағат бойы құбырлы ауыз сумен қамтылған. Ал 18 елдімекен тұрғындары құдық суын пайдаланады. Жалпы алғанда аудан халықының 89,7 пайызы құбырлы ауыз сумен қамтылған. Аудан бюджеті есебінен 1 елдімекеннің ауыз су жүйесі жөндеуден өтіп, 3 елдімекенді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, қазіргі таңда сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық бюджет есебінен Спатаев ауылына ауыз су құбыры құрылысы жүргізілуде.
Газдандыру ісі бойынша да ілгерілеу орын алуда. “Бейнеу-Шымкент” магистралды газ құбырынан Темірлан елдімекені арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырын салу құрылысы» жобасын осы жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Электр энергиясы саласы бойынша айтсақ, 2017 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында қосалқы станциясынан шығатын ұзындығы 38,101 шақырым электр желілерінің сымдары, 894 дана ағаш бағаналары жыл соңына дейін ауыстырылады.
Сол сияқты 2017 жылға жалпы ұзындығы 37,9 шақырым ішкі көшелерге орташа және 30,1 шақырым ішкі көшелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу үшін қаржы қаралды. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында ауыл округтердің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.