Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Dalanews 05 июн. 2023 03:29 998

Орал қаласында VI Uralsk Green Forum халықаралық шарасы өтті. Қоршаған ортаны қорғау құндылығын арқау еткен форумда жолы «ESG мен тұрақты даму принциптерін интеграциялаудағы жаңа трендтер» тақырыбы көтерілді.

Шара мақсаты - өңірлердің тұрақты дамуы үшін ESG принциптерін қолдану мүмкіндіктерін қарастыру, аймақтағы көміртекті офсет жобаларын әлеуетті дамыту мәселелерін талқылау және қалдықтарды басқару әдістерін жетілдіру мен ОҚТ-ны тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін саралау.



Форумға Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреағалиев, Экология министрлігі, Энергетика министрлігі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі өкілдері, Мәжіліс депутаттары, табиғат пайдаланушы компаниялар, салалық қауымдастықтар, агенттіктер, үздік сарапшылар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірде табиғи ресурстарды, оның ішінде суды үнемдеу пайдалану бойынша атқаралып жатқан жұмыстарға тоқталды.



«2019 жылдан бері көрші Ресейден өңірдің оңтүстік және батыс аудандарына жеткізілетін су көлемі артты. Сонымен қатар жергілікті су айдындары «қоректенетін» 178 шақырымдық Киров-Чижин каналының реконструкциясы аяқталды. Біз жаңа технологияларды енгізу арқылы су ресурстарын тиімді басқарып, ұқыпты пайдалануымыз керек. Жер асты суларын пайдалануға өту бойынша жұмыстар атқарылуда. Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар су үнемдеу технологияларын енгізу жұмысын күшейтеуі керек. Ал «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы аясында облысымызда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 15-тен 18%-ға жеткізуді жоспарлап жатырмыз. Көміртекті бейтараптыққа жету және қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жобаларын дамытуға барлық алғышарттар бар», - деді облыс басшысы.



Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. Бас директоры Джанкарло Рую дәстүрлі форумның маңыздылығын атап өтті.

«Осы форумда біз қызметімізді экология тұрғысынан тиімді етуге бағытталған жоспарларымыз туралы а

Рекомендовать
Последние новости