Оңтүстікте ТҮРКСОЙ фотосуретшілерінің кездесуі өтті

Dalanews 19 апр. 2017 10:19 1079

Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында TURKSOY ұйымына мүше елдер арасында фотосуретшілердің кездесуі өтті.

Фотосуретшілер кездесуіне Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан мен Қазақстанның Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кәсіби 16 фотосуретші шақырылды.

Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени этнографиялық орталық базасындағы  кедесуге қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков -  қоғам шындығын тарихта қалдыратын фотосуретшілер екенін атап өтті.

«Жалпы фотоөнер дегеніміз - фотосуретті негізгі ойды білдіру құралы ретінде қолданатын өнердің ерекше түрі. Сонымен қатар, фотоөнер – журналистиканың ұшқыр саласы. Ол – қасқағым сәттің шежіресі. Ерекше қырағылықты, ептілік пен қағілездікті талап етеді. Кәсіби маман түсірген суреттің өзі  «сөйлеп» тұрады. Бүгінде тақырыпты бір     кадрмен-ақ ашатын, тосын сәтті қағып түсіп,  адамның болмысын қасқағым сәттік бейне арқылы ашатын шеберлер аз десек, солардың  бірегейлері – бүгінгі кездесуде жиналып отыр»,-деді Ұ.Сәдібеков.

Бұл шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Тәуелсіз еліміздің тарихи-мәдени мұраларын, сәулеттік ескерткіштерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын тарихи орындары мен әсем табиғатын насихаттау арқылы түркі тілдес елдердің  талантты фотосуретшілерімен  тәжірибе алмасу болып табылады.

Фотосуретшілер 4 шығармышылық топқа бөлініп, оңтүстік өңірінің барлық аудандары мен қалаларында, тарихи-мәдени ескерткіш орындарында жұмыс жасады. Жекелеп айтсақ, І-ші топ Түркістан, Кентау, Отырар, Қаратау қорығы аймақтарында, ІІ-ші топ Сарыағаш, Қазығұрт, Жетісай аудандары мен қалаларында, ІІІ-ші топ Созақ, Бәйдібек, ІV-ші топ Түлкібас, Төле би, Сайрам аудандарында шығармашылық фото жұмыстар жасады. Түсірілген фотосуреттерден арнайы көрмеге 100 дана фото жұмыстар қойылды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости