Оңтүстік Кореядан келген ірі ритейлер Қазақстанда инновациялық сауда желісін іске қосты

Dalanews 06 мар. 2024 16:02 2309

Бүгін Алматыда CU инновациялық ритейл-желісінің күнделікті сұранысқа ие өнімдерге арналған Қазақстандағы алғашқы дүкені ашылды.  2030 жылға дейінгі ауқымды жоба қала экономикасына 50 млрд теңгеге дейін қаражат тартып, қазіргі заманғы қаланың мәртебесіне сәйкес келетін 500 сауда нүктесін құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жобаны ұйымдастырушылар саланы сауықтыру және қала тұрғындарының сапалы қызмет пен өнімдерге деген сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қарастыруды көздеп отыр. «Үй жанындағы дүкен» инновациялық сауда желісін "Шин-Лайн" компаниялар тобы Оңтүстік Кореяның ең ірі операторы BGF Retail-мен бірлесіп жүзеге асырады.

Инновациялық сауда желісінің ресми ашылу барысында Қазақстанның жетекші азық-түлік өндіруші компаниялары мен оңтүстіккореялық ірі ритейлер серіктестігі Алматы тұрғындарына қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін дамытуға бағытталғандығы атап өтілді. CU сауда желісі – бұл жұмыс режимі аптасына 7 күн 24 сағатқа құрылған, үй жанындағы шағын дүкендердің жетілдірілген форматы. CU дүкендерінің лайықты сыртқы келбеті мен өзіне тән ішкі атмосферасы бар, сондай-ақ жұмысы өзгеше ұйымдастырылған, ол қызмет көрсету жылдамдығымен және қолайлы бағамен ерекшеленеді.

"Арнайы CU дүкендер желісі үшін "Шин-Лайн" өндірістік кешенінің негізінде бірегей "фабрика-ас үй" құрылды, қазіргі таңда желінің әрбір дүкені үшін тағамдарды дайындау орталықтандырылған және компания стандарттарды мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етеді. Меншікті орталықтандырылған қойма мен меншікті дистрибуция жаңа өнімдерді жеткізу мерзімі мен өндіріс тізбегіндегі делдалдар санының төмендеуін қамтамасыз етеді, бұл тұтынушы үшін өнім сапасы мен бағасына оң әсер етеді, – деп атап өтті "Шин-Лайн" компаниялар тобының президенті Андрей Шин. - Осы жобаның барлық тізбегінің жұмысын қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін Алматыда 600 жұмыс орны ашылады.

Жаңа дүкендерде ашылған күннен бастап мынадай санаттар бар: ready to eat (лезде дайын болатын тағамдар), ready to cook (тек пісіру керек), ready to heat (тек  жылыту керек), bakery & hot drinks (кондитерлік өнімдер мен ыстық сусындар), снектер, түрлі сусындар. CU дүкендерінің жаңа желісінде барлығы 2000-нан астам сауда позициясы ұсынылған, айта кету керек, оларда қазіргідей қолданыстағы стихиялық қызмет көрсету форматы жоқ.

"CU желісі қала өміріне әкелетін инновациялар, қалалық ритейл индустриясын жақсартады»,-деп атап өтті Андрей Шин. - Жаңа шешімдері бар заманауи дүкендер қаламызға қажет. Сатып алушылар олардан күнделікті сұранысқа ие жаңа өнімдердің бірқатар санаттарын, сондай-ақ Кореядан, Қытайдан, Жапониядан импортталған азиялық өнімдерді табады. Сондай-ақ, CU-да Қазақстанда танымал тағамдар мен тағамдардың кең ассортименті, сондай-ақ корей асханасының тағамдары ұсынылады, оларды әзірлеу үшін Кореядан келген үздік аспаздар еңбек етті".

Ашылу салтанатында сауда желісінің стандарттары, ондағы ассортимент форматы Оңтүстік Кореядағыдай екендігі атап өтілді. Ұйымдастырушылар Кореяда 17000 дүкені бар, 30 жылдан астам тәжірибесі қалыптасқан CU желісінің адамдарға жайлы және өз жанкүйерлері бар екенін жеткізді. Енді мұның бәрі Қазақстанда да қолжетімді, бұл қала тұрғындарының өмірін көрікті ете түседі, жаңа жұмыс орындарын ашады сонымен қатар бюджетке салық түсімін арттырады.

"BGF-бұл "Be Good Friends!" сөзінің қысқартылып алынған нұсқасы (Жақсы дос бол!), біз өз клиенттеріміз бен қоғам үшін дос болуға тырысамыз.  Біздегі қалыптасқан философия пайда мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе – теңдік пен тәуекелдер инновациялардың тұрақты қайнар көзіне айналды, ал CU желісі тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру және абыройлы атаққа ие болу арқылы үздіксіз өсуді жалғастырып келеді",-деді BGF Retail компаниясының вице-президенті Чжун Кук Хон Мырза.

Инвесторлар жоба тұтастай алғанда елдің сауда индустриясын дамытуға жаңа серпін беретініне, осы саладағы бәсекелестікті күшейтетініне, тұтастай алғанда Қазақстандағы сауданың сапасын арттыратынына және экономикаға жағымды әсер ететініне сенімді. CU дүкендерінің форматы таяу арада бүкіл нарық үшін стандартқа айналады деген болжам бар.

Қазіргі уақытта "Шин-Лайн" компаниялар тобы елімізде сапалы азық-түлік өнімдерін өндіруді дамытып отырған ішкі ірі инвестор. Компания Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде №1 балмұздақ өндіруші ретінде танымал. Қазір ТМД-дағы ең ірі балмұздақ фабрикасының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Шин-Лайн»-ның логистика желісі Алматы қаласындағы 6000-нан астам сауда нүктелеріне қызмет көрсетеді. Өз кезегінде, инвестициялық жобаның стратегиялық серіктесінің CU ритейл желісін дамытудағы тәжірибесі өте ауқымды және Оңтүстік Кореяның сауда нарығындағы №1 компания саналады.

Қосымша сұрақтар болса +77052904736 телефонына хабарласыңыз, ал электронды пошта: i.ott@infores.kz


Рекомендовать
Последние новости