Оңтүстік Кореяда әскери жағдай жарияланды: Елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады

Қаракөз Амантай 04 дек. 2024 00:05 425

Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёл елде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл шешім елдің конституциялық құрылымын қорғау үшін маңызды.

“Әскери жағдай Солтүстік Кореяны жақтайтын күштерді жоюға және конституциялық құрылысты қорғауға ықпал етеді”, – деді президент.

Юн Сок Ёлдің айтуынша, оппозиция мемлекеттік қайраткерлерге импичмент жариялауға тырысып жатыр.

“Бұл – еркін Корея Республикасының конституциялық құрылысын бұзатын және Конституция мен заңдармен бекітілген заңды мемлекеттік институттарды жойып, азаматтық соғысты тудыруға тырысатын айқын мемлекетке қарсы әрекет”, – деді Юн Сок Ёл.

Осыған байланысты Кореядағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

Корея Республикасы президенті Юн Сок Ельдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз. 

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда, жедел байланыс үшін +8210-6572-9311телефоны арқылы елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз!, - делінген елшілік таратқан хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости