Оңтүстік 207,3 МВт баламалы электр энергиясын өндіретін 6 жобаны жүзеге асырады

Dalanews 16 февр. 2018 11:49 1327

Электр энергиясын табиғи жолмен өндіру Елбасы міндеттеген тапсырмалардың бірі екенін айтқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстанда табиғи ресурстарды пайдалана отырып, 207,3 МВт болатын баламалы электр энергиясын өндіретін 6 жоба жүзеге асырылатынын болады. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі облыс халқы алдындағы есебінде мәлі етті.

– Жаһандық жаңартылған энергия көздерін қолдануды инвесторлар арқылы жүзеге асыру біздің басты бағыттарымыздың бірі. Осыған байланысты, Төлеби ауданында қуаты 2,5 МВт «Кеңес» шағын су электр станциясының құрылысы. Сарыағаш ауданында жалпы қуаты 5 МВт болатын екі шағын су электр станциясы, сонымен бірге «Жылға» ауылында қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысы басталады. Бұл электр станциясы күн энергиясынан өндірілген электр энергияны теміржол көлігі саласында пайдаланатын әлемдегі ең алғашқы жоба болып табылады. Бұдан бөлек, Жетісай қаласы маңында күн электр станциясы құрылысын жүргізу жоспарда тұр. Жобаға 10,7 га жер бөлінген, қуаты 4,8 МВт. Сонымен қатар, Бәйдібек ауданында қуаты  40 МВт және Отырар ауданында жалпы қуаты 135 МВт күн электр станциялары бой көтереді, – деді Ж.Түймебаев.



Өндірісті дамытуға қолайлы жағдай жасап, облыс тұрғындарын қажетті инфрақұрылыммен қамту басты бағыттағы жұмыстардың бірі екенін айтқан өңір басшысы электрмен қамту саласы бойынша 13 нысанның құрылысы жүргізілетінін атап өтті. Нәтижесінде облыстағы 686 елді мекен тұрғындары сапалы электрді тұтынатын болады.



Сонымен бірге әкім таза ауыз сумен қамтамасыз ету саласында 39 жоба іске асырылып, су құбыры мүлдем жоқ 13 елді мекенге жаңа ауыз су құбырлары салынып, қамтылған елді мекендер саны 636-ға жететінін айтты.

Есепті жиында мәлім болғандай облыста табиғи газбен қамтамасыз ету саласында     67 нысанның құрылысы жүргізіліп, 42 елді мекенге, яғни, 60,3 мың тұрғынға табиғи газ жеткізілетін болады. Бұл облыстағы жалпы 386 ауылды, немесе тұрғындардың 46,2 пайызын қамтамасыз ету деген сөз.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/34093

Рекомендовать
Последние новости