Ж.Түймебаев: «Өңірдегі өндіріс ошақтарына цифрлы технология мен автоматты басқаруды енгіземіз»

Dalanews 16 февр. 2018 11:55 980

Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 40 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылмақ. Осы жобалардың нәтижесінде 1500-ден астам жұмыс орны құрылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 920 млрд. теңгеге жетпек. Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев халыққа берген есепті кездесуінде айтты.

Аталған жобалардың бірқатарына тоқталсақ. Олар «Амир-А» ЖШС-нің 7,5 млрд. теңгеге жылына  150 мың тонна металл өнімдерін шығаратын металлургия зауытының құрылысы. Зауыт іске қосылғанда 100 жаңа жұмыс орны құрылады. Ал «Green Technology Industries» ЖШС-гі 6 млрд. теңгеге 208 жұмыс орнын қалыптастырып, жылына  50 мың тонна полиэтилен қалдықтарын қайта өңдеп, штапельді талшық шығаратын болады. «Аsia Trafo» АҚ-ы 15,9 млрд. теңгеге 220 жұмыс орнын құрып, кернеу сыныбы 110-220 кВт күштік трансформатор өндіретін болады.



– Елбасы биылғы Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауында индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындар әлемдегі жетекші өндірушілердің жаңа цифрлық технологиялары мен автоматтандырылған басқару жүйелерін кеңінен енгізуді жоспарлап отырмыз. Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 3,4 млрд. теңгеге 350 жобаға қолдау көрсету жоспарланған,  – деді өңір басшысы.



Сондай-ақ, әкімнің есебінде мәлім болғандай «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы  4 млрд. теңгеге шағын және орта бизнеске көмек көрсету көзделсе, жастарды қолдау мақсатында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.



 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/34093

Рекомендовать
Последние новости