Өңірдегі тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын реттеп келеді

Dalanews 07 мар. 2018 06:18 838

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасының өсуін шектеу мақсатында тұрақтандыру қорының өнімдерін  өңір тұрғындарына төмен бағамен сату қалыптасқан. Мәселен, 2017 жылы «Азық түлік компаниясы» ЖШС-на  6800 тонна әлеуметтік маңызды тауарлар сатып алынса, оның 2232,5 тоннасы сатылған.

Қордың биылғы жұмысымен танысу үшін «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ еншілес ұйымының «Азық-түлік компаниясы» ЖШС азық-түлік тұрақтандыру қорының сауда нүктелеріне облыс әкімінің баспасөз қызметі БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды.

Айта кетерлігі, тұрақтандыру қорында көкөністер сәуір айының ортасына дейін сақталады. Жазғы егіннің келуіне дейін жыл сайын нарықта көкөністердің жетіспеушілігі және бағаның өсуі байқалады. Қазіргі уақытта облыстың тұрақтандыру қорының дүкендеріндегі қалған тауар көлемі 4 884,3 тоннаны құрайды.

Ал тауарлардың сатылу бағасына келсек, картоптың 1 келісі - 85 теңгеден, пияз – 50 теңге, сәбіз – 80 теңге, күріш – 180 теңге, сиыр еті – 1390 теңге, құмшекер бағасы 215 теңгеден сатылуда. Осылайша тұрақтандыру қоры нарықтағы бағадан төмен етіп, халыққа тауар ұсынып келеді. Тауарлар «Фиркан» сауда желісі, «Жібек жолы», «Айна», «Алаш», «Қырғы базар», «Самал», «Қазыбек», «Авто-Нұр», «Барыс», ИП «Жақсылық» базарлары мен Шымкент қаласындағы жәрмеңкелер арқылы сатылуда.

Қазіргі уақытта облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының күрт өсуі байқалмайды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости