Өмірі өлеңмен өрілген ақын

Dalanews 22 нояб. 2018 16:25 1131

Отырар ауданына қарасты Темір ауылының мәдениет үйінде және Темір ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жергілікті ақын Қаныбек Сарыбаевтың жырларын насихаттау мақсатында көрнекті ақын Қаныбек Сарыбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған "Өмірден өтсем де, өлеңнен кетпеймін" атты жыр мүшайрасы өтті.

Жыр мүшайраны Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Үмбет Елтай Базарханұлы мен Темір ауыл әкімшілігінің бас маманы Ерқұлов Темірхан ашып берді. Жыр мүшайрада Қаныбек атамыздың сөзіне жазылған"Ардан қымбат жоқ бұйым" термесін жыршы, термеші Мұхтар Асанов және Қ.Сарыбаевтың сөзіне жазылған"Атасының баласы" әнін Ақәділ Оразов орындады.Қаныбек атамыздың ұрпақтары да өнерден құр алақан емес екендігін көрсетіп, Қ.Сарыбаевтың егіз шөбересі күй тартып, халықтың ыстық ықыласына бөленді.Жыр мүшайраға 26 оқушы қатысып, байқаудың екі кезеңі бойынша өнерлерін көрсетті.Бірінші кезеңде қатысушылар Қ.Сарыбаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса,екінші кезеңде қатысушылар өз шығармашылығынан өлең оқыды. Екі кезеңнен де сүрінбей өткен жеңімпаздар жүлделі орындармен, арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

І-орын Темір орта мектебінің оқушысы Асан Өркен

ІІ-орын Темір орта мектебінің оқушысы Жаппарова Зарина

ІІ-орын Темір орта мектебінің оқушысы Тасжанова Таңшолпан

ІІІ-орын Темір орта мектебінің оқушысы Марат Дилназ

ІІІ-орын Темір орта мектебінің оқушысы Қыдырәліұлы Әділхан

"Кестелі сөз шебері" номинациясымен Абдрахман Сүндет, "Көрермендер көзайымы" номинациясымен Сарықұлов Шарапат марапатталып, барлық қатысушыларға арнайы М.Шахановтың "Мұхтар Шахановтың әлем мойындаған шыншыл рухы және ұстанымы" атты кітабы сыйға берілді.

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости