Биыл Түркістан облысының спортшылары түрлі жарыстарға қатысып, 380 алтын медаль ұтты

Dalanews 26 нояб. 2018 16:15 860

Қазір Түркістан облысында 82 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемеcі мен кәсіпорны тіркелген болса, оның 31-і облыстық, 51-і қалалық және аудандық спорттық мекеме.



Облыста спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 541968 адамға жетіп, халықтың 27,7 пайызын құраған. Ағымдағы жылдың соңғы жеті айы бойынша айтар болсақ, облыс спортшылары спорттың 63 түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 380 алтын, 373 күміс, 352 қола медаль жеңіп алды.

Ал, Азия чемпионаттары мен кубоктарында 62 алтын, 47 күміс және 30 қола медальға қол жеткізді. Әлемдік додаларда 20 алтын, 6 күміс және 11 қола медаль олжалаған.

Облыста бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамуда. Бұл ретте балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту маңызды орынға шығып отыр. Биыл бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыс аумағында 2820 іс-шара өткізіліп, оған 340664 адам қатысқан. Ауылды жерлерде 1950 спорттық жарыстар ұйымдастырылып, оған 245426 адам қамтылды.

Қазір өңірде спортты жанына серік еткісі келетіндер көп. Оларға жағдай жасау үшін ауылды жерлерде мектептің спорт залдары мен алаңдарын пайдаланудың маңызы артып тұр. Сондай-ақ, спорт мектептері де көптеп ашылуда. Бір сөзбен айтқанда, жастарды спортқа баулу мақсатында жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Барлық қалалық, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорттық клубтар мен спорттық секцияларға қатысу үшін қызығушылық танытқан балаларға спорттық секция түрлері тегін жүргізіледі.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости