Олимпиада кезінде Қазақстан құрамасының өкілі қайтыс болды

Көркем Алдабергенова 08 авг. 2024 14:25 10425

Париждегі Олимпиадада Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған. 

Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен өмірден озуына байланысты отбасы мен туған, туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, - деп хабарлады басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасы.

Ерден Хайруллин 2009 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы  бойынша  тәмамдаған  және Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Алматы спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып келді.


Рекомендовать
Последние новости