Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова референдумда өз таңдауын жасады

Жарбол Кентұлы 06 окт. 2024 11:33 1132

Өскемен қаласында Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері Ольга Рыпакова референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

№7 сайлау учаскесі қаланың Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы №45 орта мектепте орналасқан.

Бұл учаскеге Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп дауыс берді.

"Бүгін әдеттегідей өзімнің азаматтық позициямды білдіру үшін осында келдім. Сәл ауырыңқырап тұрсам да сайлау учаскесіне келіп, дауыс бердім. Себебі елімнің патриоты болғандықтан, осындай маңызды референдумнан қалыс қалмауым керек. Бұл барша қазақстандықтардың міндеті деп есептеймін", – деп жауап берді қазақстандық жеңіл атлет Kazinform агенттігіне. 

Айта кетейік, Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы (2012).

Сондай-ақ Бейжің (2008) және Рио-де-Жанейродағы (2016) Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері.

Еске салсақ, ШҚО-да референдум күні 538 учаске жұмыс істейді. Онда 487 824 адам дауыс беруге құқылы.


Рекомендовать
Последние новости