Олигарх 20,5 мың өзбекті қаржылай қолдған

Dalanews 18 июн. 2020 07:33 802

Өзбекстандағы "Мейірім мен қолдау" қоры 300 мың отбасыға қаржылай көмек көрсеткен. Бұл жөнінде махаллалар мен отбасыларға қолдау көрсету жөніндегі министрлік өкілі Саодат Боймирзаева хабарлады.

Оның сөзінше, қайырымдылық қорына бүгінгі күнге дейін 194,6 млрд сум (19 млн доллар) түскен. Бұл қаражаттың 11,7 млн доллары 300 мыңнан астам отбасына жәрдем ретінде берілсе, 7 млн долларды 67 мың 296 отбасына қолма-қол берген. Қалған ақша дәрі-дәрмек, медициналық маскалар мен антисептик алуға жұмсалған.

Саодат Боймирзаеваның сөзінше, Өзбекстаннан шыққан ресейлік миллиардер Әлішер Усманов аталған қорға 5 млн доллар бөлген.


– Бұл ақшаны 19 009 адамға 250 доллардан бөліп бердік. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін Әндіжан, Наманган, Ташкент қаласы және Ташкент облысы әкімдігі жасап шықты, – деді Боймирзаева.

Рекомендовать
Последние новости