Айлықты уақытында төлей алмауда

Dalanews 18 июн. 2020 07:39 907

Тәжікстанның Қаржы министрі Файзиддин Каххорзода елде айлықты уақытында төлеуде қиындық болып жатқанын мойындады.

«Мұғалімдер еңбек демалысына мамыр айында шықты. Олар үш ай бойында тек айлық алып келді. Енді мұғалімдерге демалыста берілетін ақшаны төлеуіміз керек- деп атап өтті Каххорзода.

Қаржы министрі халыққа қанша ақша қарыз екенін нақты айтпады, бірақ жақын күндері айлық беріледі деп уәде берді.

Рогун қаласындағы инженер-техникалық колледждің қызметкерлері соңғы бірнеше айдан бері еңбекақысын ала алмай жүргенін мәлімдеген. Колледж Рогун ГЭС-іне қарайды.


Тәжікстандағы ТАЛКО және Рогун ГЭС-і компанияларының қызметкерлері де айлығын ала алмай келе жатқанын мәлімдеді. Онда 25 мың адам құрылыс алаңында жұмыс істеп жатыр. Тек Salini Impregilо италиялық және ресейлік компаниялардың жұмысшылары ғана еңбек ақысын уақытында алған.

Тәжікстанда Еңбек кодексінде айлықты уақытылы бермеген компания басшыларына айыппұл талап ету қарастырылған.

Тәжікстанның президент жанындағы статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 1 сәуірге дейін айлық бойынша берешек 5,1 млн доллар болған. Бұл 2019 жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда 27 пайызға көп.

Сарапшылардың айтуынша, еңбекақы бойынша қарыздың көлемі азаматтық соғыс жылдарымен бірдей болып қалған. Еңбекақысын ала алмай отырған адамдардың 75 проценті пайдалы қазбаларды зерттеуде, транспорт және қайта өңдеу саласында жұмыс істейді.

Рекомендовать
Последние новости