"Олардың барлығы қайтыс болды...". Министр Цой екпе алмағандарға ескерту жасады

Dalanews 20 авг. 2021 12:16 906

Вакцина алғанына қарамастан 115 азамат коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой арнайы брифингте, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Біз 2021 жылғы ақпаннан шілдеге дейінгі кезеңді талдадық. КВИ-ден барлығы 4969 адам қайтыс болды, оның 115-і - вакцина алған азаматтар. Бұл жалпы көлемнің 2,3 пайызын құрайды. Яғни басым көпшілігі немесе 97,7% вакцина алмаған азаматтар, олардың барлығы қайтыс болды, - деді Цой.

Ол бұл жағдайда вакцина алған азаматтардың созылмалы аурулары болғанын, бұл жағдайдың ушығуына әкеліп соққанын айтты.

Министр түсіндіріп өткендей, созылмалы аурулары барлар үшін медициналық емдеу тек созылмалы кезеңде қажет, бірақ жалпы алғанда, "созылмалы науқастарға", керісінше, вакцина қабылдау ұсынылады, себебі бұл - қауіпті топ.

"Оларда антиденелер әрдайым пайда бола бермейді. Бірақ қайтыс болған жағдайлардың басым көпшілігі вакцина алмағандар екенін баса айтамын", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Жалпы, министрдің ақпараты бойынша, аймақтар тұрғысынан бұл: Ақмола облысы - 2, Ақтөбе - 5, Алматы - 3, Атырау - 1, Шығыс Қазақстан - 1, Жамбыл - 6, БҚО - 4, Қарағанды - 9, Қостанай 1, Қызылорда - 2, Маңғыстау - 2, Павлодар - 2, Солтүстік Қазақстан облысы - 1, Түркістан - 0, Алматы қаласы - 17, Шымкент - 27, Нұр -Сұлтан - 32.

Рекомендовать
Последние новости
Соңғы рейс...
27 дек. 2024 12:15