Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлікке қатысы бар деген күдікке ілінді

Қаракөз Амантай 16 апр. 2025 14:36 637

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ұлы — Нұржан Нұрлановқа қатысты рейдерлік дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын растаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", — деді Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан аталған агенттікке берген түсініктемесінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрланов пен інісі Ерлан Нығматулинге қатысты арыздар түскенін мәлімдеген болатын.


Рекомендовать
Последние новости