Негізінен оқушылар алған: қауіпті Telegram дүкен анықталды

Сағыныш Сардарова 26 июн. 2025 12:52

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Екібастұзда вейптер, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз айналымға шығарумен айналысқан топты анықтады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тыйым салынған өнімдер Telegram мессенджеріндегі VAPE SHOP MAXI MALL арнасы арқылы сатылып, курьерлер арқылы жіберіліп отырған.

ҚМА мәліметінше, 5 600-ден аса вейп пен олардың бөліктері тәркіленген. Бұл өнімдер сатылғанда қылмыстық табыс 100 млн теңгеден асатын еді.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қойма мен сату нүктелері анықталды. Ерекше назар аударатын жайт бар: бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кең таралған", - деп жазылған хабарламада.

Заңсыз бизнесті ұйымдастырушылар электрон темекілерді жасөспірімдерге сатып, олардың денсаулығына қауіп төндірген. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости