НДС: Салық кодексі Мәжілістің қарауына түседі

Көркем Алдабергенова 09 апр. 2025 09:40 392

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексінің жобасы қаралады. Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндама жасайды екен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кеше AMANAT партиясы салық реформасын сынағандай болды. Бүгін сол Парламент қабырғасында салық үшін біраз тайталас болатынын ішіміз сезеді. Үкімет өз позициясын қалай қорғайтынын уақытында көреміз.

«Парыз» конфедерациясының жетекшісі Жұмабек Жанықұлов: «Қазіргідей әлемде болып жатқан тұрақсыздық жағдайында жаңа Салық кодексін қабылдау - реформа емес, үлкен - тәуекел» деп жазыпты.

"Қазір АҚШ пен Қытай арасында тарифтік қақтығыстар күшейіп, Еуроодақ қорғаныс шараларын енгізіп жатқанда, біз ҚҚС ставкасын 16%-ға дейін көтере отырып, Салық кодексін қайта жазып жатырмыз. Бизнес онсыз да күйзеліс халде: инфляция, энергия ресурстары мен логистика тарифтерінің өсуі, сұраныстың тұрақсыздығы. Инвестиция үшін болашаққа сенім керек. Ал фискалдық саясат үнемі өзгере беретін болса, капитал ережесі орнығып болған өзге елдерге кетеді", дейді ол.

Оның айтуынша, бизнес онсыз да күйзелісте: инфляция, энергия ресурстары мен логистика тарифтерінің қымбаттауы, сұраныстың тұрақсыздығы дегендей.

"Инвестициялар ертеңгі күнге деген сенімділікті талап етеді. Фискалдық саясат айнымалы мәнге айналғанда, капитал ережелері тұрақты жаққа тізгін қағады. Сонымен қатар... Бізге импортты цифрландыру өте қажет, бұл ашық және адал экономиканың негізі. Қытайдан келетін импорт та цифрлық бақылауды қажет етеді. @ Paryz_org конфедерациясы импортты цифрлай тіркеуді міндеттуді, оның ішінде күдікті жеткізілімдерді автоматты түрде анықтай отырып, ТНВЭД кодтары бойынша аналитикалық жүйелерді құру арқылы енгізуді ұсынады. Бұл кедендік әкімшілендіруді де, протекционистік саясаттың тиімділігін де күшейтеді", - дейді кәсіпкер.

Ол протекционизм АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей, тіпті Өзбекстанда да белсенді қолданылатыны, өз бизнесін қолдаусыз мемлекеттің өндірістік әлеуетінен айрылу қаупі барын нақтылайды.

Еске салайық, бұған дейін Олжас Бектенов салық кодексі жобасы туралы маңызды тапсырма берген болатын. Яғни осы аптада өңірлерде кәсіпкерлердің, мәслихат депутаттары мен сарапшылардың қатысуымен талқылауды жалғастыруы керек.


Рекомендовать
Последние новости