Назарбаевты жауапқа тарту мүмкін емес. "Президент туралы" заң әлі күшінде - Әділет министрлігі

Dalanews 09 июн. 2022 04:14 765



Өзгерістер енгізілген Конституция күшіне енгеннен кейін, елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын туыстарын заңмен қорғау жөніндегі иммунитет күшін жойды деп мәлімдеді әділет вице-министрі Алма Мұқанова. 





Ол референдумды көпшілік қолдап дауыс берді, өзгерістер ішінде Назарбаевтың мәртебесі және оның туыстары заңмен қорғалатын "Бірінші президент — Елбасы туралы" заң күшін жойды деді.

Алайда вице-министрдің сөзінше, Назарбаевтың өзін жауапкершілікке тарту мүмкін емес, себебі "Президент туралы" заң әлі күшінде. Онда бұрынғы мемлекет басшыларын президент болып тұрғандағы қызметтері үшін жауапқа тартуға болмайды деген бап бар екенін айтты.

"Ол саяси тұлға ретінде мемлекет үшін маңызды шешімдер қабылдайды", - деген Мұқанованың сөздеріне Sputnik Қазақстан сілтеме жасайды.


Ақорда сайтында "Бірінші президент туралы" заңның Конституциялық заңдардың тізімінен алынып тастағаны айтылады. Бірақ өзгерістер енгізілген Конституцияда бірінші президент туралы бап әлі бар.

5 маусымда өткізілген референдумға Конституцияға енгізілген 56 өзгерістер мен түзетулер шығарылды. Негізгі заңның 42-бабында Назарбаевқа қатарынан екі рет президент болып сайлануға мүмкіндік беретін мүмкіндік алынып тасталған; 46-бабындағы бірінші президенттің мәртебесі Конституция және конституциялық заңдар арқылы анықталады деген сөйлемдер, 91-баптан бірінші президент жайында - тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы және оның тәуелсіз мәртебесі жөніндегі сөздер алынған.



Рекомендовать
Последние новости