Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады

Dalanews 17 янв. 2022 14:46 822

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева осы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін оңалту курсынан өтуіне байланысты ақысыз демалыста болады",– деп хабарлады оның баспасөз хатшысы.

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясына шалдығып, үйінде жатқаны хабарланған болатын.

Айта кетері, Дариға Назарбаева биыл 5 қаңтарда болған мәжілістің отырысына да келмеді. Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрді таныстырып, өзінің кезекті үндеуін жолдаған болатын. Депутат Назарбаева сол отырысқа да қатысқан жоқ.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Дариға Назарбаева Nur Otan партиясының тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болды. Ол экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің құрамына кіреді.

Бұған дейін комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және жұмысқа дәлелді себеппен келмей жүргенін айтқан.

Рекомендовать
Последние новости