Назарбаев: «Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде елге қызмет ете беремін»

Dalanews 19 мар. 2019 14:32 848

Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде президенттік өкілеттік тоқтаған соң, қандай мәртебелерінің сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін. Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Тұңғыш Президент тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз етуді өз міндеті деп атады.

Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев  ҚР Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

Рекомендовать
Последние новости