Назарбаев мектептеріне бөлінетін қаражат тексеріліп жатыр

Сағыныш Сардарова 04 мая 2024 09:46 2219

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев зияткерлік мектептеріне бөлінетін бюджеттің тиімділігін тексерген. Алайда аудит қорытындысы әлі жарияланбады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

ulysmedia.kz мәліметінше, 2024 жылы екінші тоқсанда Жоғары аудиторлық палата көлік, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында, республикалық бюджеттің есептілігі бөлігінде, сондай-ақ, білім беру мен денсаулық сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтаған. 

"Жоғарғы аудиторлық палата 2019-2023 жылдары "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтап жатыр. Аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды", – деп жазылған басылым мәліметінде.

Айта кетейік, бұған дейін "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Назарбаев мектептеріне неліктен көп ақша бөлінетінін айтты.

24.kz-ке берген сұхбатында Жанғозин мұның себебін де түсіндіріді. Телеарна жүргізушісінің айтуынша, 2022 жылы 20 миллиардқа жуық ақша бөлінген.

"Қаржыландыру бойынша бірнәрсені түсінуіміз керек. Қазір бізде қаржыландыру екі бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші бағыт - мектептерге, оқушыға бөлінетін грант. Осы гранттарда мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің және басқа қызметкерлердің жалақысы, балалардың тамақтануы, коммуналдық шығындар және білім беру процесіне қажет құралдар сатып алу үшін қаражат қарастырылған", - деді Жанғозин.

Жанғозин бұл қаржыны азайтудың да, көбейтудің де қажеті жоқ деген пікірде. Сонымен қатар, басқа мектептермен салыстырмау керек екенін жеткізді.

"Бізде бағдарлама бөлек. Оқушыларымыз таңнан кешке дейін сабақтарда, сабақтардан тыс үйірмелер, қосымшалар. Осы барлық факторды ескеріп, артық ақша алмаймыз. Осы жұмсаған ақша жоғары халықаралық деңгейге жетугк мүмкіндік беріп отыр. Соны біз дәлелдеп отырмыз", - деді ол.


Рекомендовать
Последние новости