Назарбаев кезіндегі жасалған келісім шарттарын өзгертілмек

Көркем Алдабергенова 17 апр. 2025 15:00 879

Қазақстан Кашаганнан түсетін табысты қайта бөлуді талап етіп, арбитражға жүгінді – ICIJ
Қазақстан Кашаган кен орнынан түсетін табыстың әділетсіз бөлінуіне байланысты халықаралық арбитражда 160 миллиард долларлық талап қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz Қазтагқа сілтеме жасап.

Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) Қашаған кен орнынан түсетін табыстың 98 пайызы North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумына тиесілі екенін хабарлады. Қазақстан билігі бұл табысты әділетсіз бөліну деп есептеп, 1997 жылы Нұрсұлтан Назарбаев тұсында жасалған келісім шарттарды қайта қарауға ниетті.

Үкімет Гаагадағы халықаралық арбитражда 160 миллиард долларлық талап қойып, мұндай теңсіздіктің ел мүддесіне қайшы екенін дәлелдеуге тырысып жатыр. Сарапшылар Кашаган жобасын "ғасыр жобасы" деп атап, оның айналасындағы табыс үлесін қайта қарау мемлекеттің стратегиялық мүддесі деп бағалап отыр.

Мәселенің мәні неде?

Үкіметтің мәліметінше, Кашаганнан түсетін табыстың 98%-ы North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумына тиесілі. Бұл теңсіздік 1997 жылы жасалған Өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) байланысты туындаған. 2008 жылы келісім қайта қаралғанымен, Қазақстанның үлесі мардымсыз ғана өскен.

Қазақстанның негізгі талаптары:

табысты әділ бөлу;

экологиялық бұзушылық үшін салынған 5 млрд доллар айыппұлдың орындалысын тоқтату;

келісімдерді ұлттық мүддеге сай қайта қарау.

NCOC құрамында Shell, ExxonMobil, Eni, TotalEnergies, CNPC (Қытай), Inpex (Жапония) және «ҚазМұнайГаз» бар. Қазақстан тарапы бұл компанияларды миллиардтаған долларлық шығын, жемқорлық және экологиялық талаптарды бұзу деректері бойынша айыптап отыр.

Құпия арбитраж Арбитраж ісі 2023 жылы басталған. Тыңдаулар Швейцарияда өтіп жатыр және 2028 жылға дейін жалғасуы мүмкін. Бұл – Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық талаптардың бірі.

Сері жүктемесі – дау өзегі Қазақстан экология министрлігі мен PSA (мемлекеттік агенттік) NCOC-ке сераны дұрыс сақтамады деп айыптап, 2022 жылы 5 млрд доллар айыппұл салған. Компания айыппұлмен келіспей, сотқа жүгінді. Арбитраж құжатына сәйкес, NCOC сераның жиналуына теміржол желісінің кеш іске қосылуы мен экспортты биліктің кешіктіріп рұқсат беруі себеп болды дейді.

Қоғам не дейді?

Сарапшылар мен қоғам белсенділері Қашаган, Теңіз және Қарашығанақ сияқты ірі жобалар бойынша келісімдердің құпиялығына наразылық білдіруде. ICIJ дерегі бойынша, 2016–2023 жылдар аралығында Қазақстан Қашағаннан тек 5,4 млрд доллар ғана алған, ал NCOC 55 млрд доллардың мұнайын сатқан.

Үкімет не көздейді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ӨБК шарттарын қайта қарап, ұлттық мүддеге сай тиімдірек келісімге қол жеткізуді тапсырған. Бұл – алпауыт компаниялармен қарым-қатынасты қайта қарауға бағытталған жаңа саяси кезеңнің бір бөлігі.


Рекомендовать
Последние новости