Қазақстан азаматтары жалпы салмағы 8,6 тонна болатын 246 882 алтын құйманы сатып алған, деп хабарлайды Dalanews.kz Ұлттық банк дерегіне сүйеніп.
Ең танымал құйма – 10 граммдық
Халық арасында ең көп сұранысқа ие – 10 граммдық құйма. Оның үлесі жалпы сатылымның 26%-ын құрайды (63 740 дана).
Одан кейінгі орындарда:
5 граммдық құймалар – 53 978 дана (22%),
100 граммдық – 50 779 дана (21%),
20 граммдық – 44 707 дана (18%),
50 граммдық – 33 678 дана (13%).
Үшінші тоқсандағы сатылым
2025 жылдың үшінші тоқсанында банктер мен банктік емес айырбастау пункттері жалпы салмағы 409 кг болатын 9 110 өлшенген алтын құймасын сатқан.
Сатылымның ең үлкен үлесі:
Алматы қаласына – 5 874 дана (71%),
Астанаға – 600 дана (7%),
Қарағанды облысына – 460 дана (6%) тиесілі.
Құймаларды қайдан алуға болады?
Ұлттық банктың мәліметінше, алтын құймаларды сатып алу және сату операциялары екінші деңгейлі банктер мен кейбір банктік емес айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылады.
 
                         
                     
                                     
                                    