Түркістан облысында сабақтан кейін оқушы қайтыс болған

Сағыныш Сардарова 31 окт. 2025 11:22

Түркістан облысында сабақтан кейін оқушы қайтыс болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл оқиғаны облыстық білім басқармасы бірден бақылауға алған.

"Алдын ала мәліметке сәйкес дене шынықтыру сабағы кезінде оқушы жаттығу барысында құлап, жарақат алған. Мұғалім мен мектептің медициналық қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, оқушыны Шардара аудандық ауруханасына жедел жеткізген. Өкінішке қарай, ота кезінде бала көз жұмды", - деді ведомство өкілі.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости