Тараздағы “алып қашу” ісі: үш күдікті үйқамаққа жіберілді

Көркем Алдабергенова 31 окт. 2025 15:51

Таразда қызды күштеп көлікке отырғызып, “алып қашқан” Алматының үш тұрғыны үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бойынша тергеліп жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аялдамада тұрған қызды бірнеше ер адам көлікке күштеп отырғызып әкеткен сәт түсірілген видео тараған. Кадрда қыз жанұшырып айқайлап, көмек сұрағаны естіледі.

Басылымның мәліметінше, күдіктілер қызды тұрмысқа шығару мақсатында “алып қашқан”. Ал жәбірленуші алғашқы тергеуде өзін кімдердің ұрлағанын білмегенін, сол себепті көмек сұрағанын айтқан. Кейін олардың жігітінің достары екенін білген. Тараптар бір-біріне шағым түсірмеген.

Еске салайық, жуырда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, “қыз алып қашу” енді “Адам ұрлау” бабының құрамына енгізілді. Бұл бап бойынша жаза едәуір қатаңдатылған.


Рекомендовать
Последние новости