Ақтөбе облысы Шалқар қаласында кәмелетке толмаған бала пышақ жарақатын алған. Полиция соталды тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жәбірленуші Шалқар аудандық ауруханасына жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
"Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.
Күдікті профилактикалық есепке қойылып, оның ісі аудан әкімдігі жанындағы комиссияда қаралмақ.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасының жауапкершілігі қарастырылады.
