Ресейде Telegram мен WhatsApp бұғаттала бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Пайдаланушылардың айтуынша, мессенджерлер кейде ашылып, кейде хабарламаларды жүктемей қалады.
"Интернетті қорғау қоғамының" басшысы Михаил Климаревтың сөзінше, Ресейдің бірқатар өңірлерінде WhatsApp толық дерлік жұмыс істемей қалған.
Оның айтуынша, мессенджерлер әлем бойынша қалыпты жұмыс істеп тұр, демек ақаулар тек жергілікті сипатта.
"Telegram мен WhatsApp-ты толық бұғаттау процесі Ресейде қазірдің өзінде басталды, ал толық бұғаттау 2026 жылдың басына дейін жүзеге асуы мүмкін", - дейді Климарев.
 
                         
                     
                                     
                                    