“ҚазМұнайГаз” Маңғыстаудағы жұмысшылар ереуіліне түсініктеме берді

Көркем Алдабергенова 29 окт. 2025 17:26

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Маңғыстау облысындағы "МұнайСпецСнаб Компани" серіктестігі жұмысшыларының ереуіліне қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі ереуіл аяқталғанын хабарлады, ал жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы келіспеушіліктер шешімін тапқан.

"29 қазанға қарай "МұнайСпецСнаб Компани" серіктестігіндегі жағдай толық реттелді, кәсіпорынның жұмысы толық көлемде қалпына келтірілді, қызметкерлер жұмыс орындарына оралды", – делінген "ҚазМұнайГаз" хабарламасында.

Компанияның мәліметінше, ереуілге шыққан жұмысшылар өз талаптарын тікелей мердігер компания басшылығына қойған. Басшылықпен келіссөздерден кейін тараптар келісімге келген, нәтижесінде қызметкерлер жұмысқа қайта кірісті.

"ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі Жаңаөзендегі барлық кәсіпорындарда жағдай тұрақты екенін де атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости