ҰҚК Арқалық полицейлеріне қатысты істі тергеп жатыр

Көркем Алдабергенова 29 окт. 2025 15:56

ҰҚК Арқалық полицейлеріне қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қостанай облысының Арқалық қаласында жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеп жатыр. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы хабарлады.

Журналистің мәліметінше, тергеушілердің назарына шамамен 20 адам, соның ішінде қалалық полиция басқармасының басшылығы да іліккен. Тергеу жергілікті автокөлік тіркеу орталығының қызметіне байланысты болуы мүмкін деген болжам бар.

Қостанай облыстық прокуратурасы істің тергеліп жатқанын растады, алайда тергеу мүддесіне байланысты егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты.


Рекомендовать
Последние новости