Назарбаев "Билік тармақтарының бастама көтеруі тым әлсіз"

Dalanews 04 сент. 2017 08:36 882

Билік тармақтарының бастама көтеруі тым әлсіз. Бұл туралы бүгін 6-шы шақырылған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



– Бүгін Парламент жаңа жағдайда өз жұмысын бастайды. Оның палатаралы мен Үкіметке қосымша өкілеттілік, демек жауапкершілік жүктеліп отыр. Ашығын айтайын, билік тармақтарынан бастамалар өте әлсіз көтеріледі. Мүмкін менің де кінәм бар шығар. Міндетті түрде айту керек. Өткен жолы Үкіметті ауыстырған кезде де айтып едік. Қазірде сол жағдай орын алуда. Мұнан ары осындай жағдайға жол бермеу керек.  Барлығы да Конституция, Заң бойынша жазылған. Әрбір министр өз учаскесіне жауап береді және жауапкершілік арқалайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының атап өтуінше, Үкімет еліміздің экономикалық саясатына және белгіленген барлық бағдарламалардың жүзеге асырылуына толықтай жауап береді. Ал Парламент заң шығарушы әрі бақылаушы билік ретінде өз өкілеттігін жүзеге асырады.

– Қазір негізгі жүктеме атқарушы билікке түсіп отыр. Практикалық міндеттер атқарушы билікке жүктелген. Ел Үкіметі негізінен заң жобалау жұмысының жылдық жоспары аясында заң жобаларының әзірлеуші болып қалуда, – деді Елбасы. Мемлекет басшысы Парламент депутаттары заңнамалық бастамаларды жиі көтер бастағандығын айтып, оны позитивті құбылыс деп бағалады. «Бұл ретте шағын ведомстволық немесе өңірлік ғана емес жалпы мемлекеттік мүддені әр уақытта ескерген жөн. Біз мұны бақылап отырмыз. Әрбір депутаттың өз сайланған өңірге ұнағысы келетіндігі түсінікті де. Бұл әлемнің барлық парламенттерінде бар. Бірақ Конституция мен «Парламент туралы» Заңға сәйкес барлығымыз да халыққа жұмыс істейміз деп айқындадық. Сонда барлық  өңірге жақсы болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Рекомендовать
Последние новости