Назарбаев: "Бер, бер" демей, жұмыс істеңдер"

Dalanews 21 авг. 2019 09:21 862

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетке алақан жайып, көмек сұрай беретін халыққа қатысты пікірін білдірді.

"Әліге дейін есімде, тәуелсіздік алған алғашқы жылдары аса ауыр болды. Жұмыс жоқ, айлық атымен жоқ, дүкен, дүңгіршектердің сөрелері бос жататын. Сонда ел-жұрт "бер, бер" деп отыратын-ды. Үкіметте ақша жоқ болса, қайдан, қалай береміз?

Алайда бүгінгі күні сол 30 жыл бұрынғы ұрандарды қайта көтеріп жүр.

"Маған бер, кішкентай балаларым көп дейді, айлығым аз, тағы бер дейді. Сонда бас кезінде нені ойладың? Бұл сенің проблемаң. Сен Үкіметпен ақылдасқан жоқсың ғой?", - деді Елбасы Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Назарбаевтың пікірінше, Үкімет көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созса да, ол адамдар бәрібір де "бер, бер" деп шыға келеді. Осы себепті ел арасында мемлекеттің көмектің талаптары қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.


"Айталық, осы күнге дейін бір миллион оралманды елге шақырып, отанына алып келдік. Әлемдегі бірде-бір ел мұны жасаған жоқ. Ал біз Қазақстанға алып келдік, қарекет етіңдер, бала-шағаларың өсіп-өнсін десек, олар "маған беріңдер" дейді. Еңбек етіңдер. Жұмыс істеңдер. Мына мемлекеттің қаржысын ұлғайтатын – ел, халық. Ел жұмыс істемесе, мемлекетте де ақша болмайды. Ақша болмаса, нені береміз?", - деді Назарбаев.

 

Рекомендовать
Последние новости