Алматыда жұма намазында болған оқиға қатысты мәлімет қалдағы Орталық мешіттің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Осы жылдың 6 желтоқсан күні Алматы Орталық мешітінде алғаш рет жұма намазына келушілер мешіт ауласына сыймай қалды.
Парыз намазы басталғанға дейін мешіт қызметкерлері жамағатты мешіт ауласына орналастырған. Алайда, парыз намазы басталған соң мешіттің оң жақ бөлігі яғни, М.Мәметова көшесінің бір бөлігінде 5 минуттық құлшылық парызын өтеу орын алған. Салдарынан көше кептелісі пайда болды.
Құрметті жұма намазына келуші жамағат! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жеті жерде намаз оқуға тиым салған. Олар: қоқыс жиналған жерде, мал соятын орында, қабір басында, жолдың үстінде, моншада, мал суарылатын орында және қағбаның үстінде.
Жол үстінде намаз оқудан тиым салуының басты себебі, жол қозғалысына кедергі келтірмеу болып табылады. Ол көшемен жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіру көлігі немесе жұмысына асыққан адам жүретіні белгілі. Сондықтан 5 минутқа көшені жауып намаз оқу қаншама ұзын-сонар көше көптелісін туындатады.
Жұма намазын оқу кезінде жолды жауып, басқа адамдарға зиян тигізуге болмайды. Сол себепті, баршаңызды намазға ертерек келіп, тиісті көрсетілген орындарға жайғасуды, жолдарды жаппауды, көліктерді де дұрыс орынға қоюды, талап пен тәртіпті қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі