“Мисс Қазақстан” жүргізушісі тікелей эфир барысында Қостанай аруына жүрегін ұсынды (фото)

Dalanews 11 дек. 2016 16:05 1015

“Мисс Казақстан-2016” байқауының жүргізушісі Сүндет Байғожин тікелей эфир барысында байқау қатысушысына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Оның таңдауы 19 жастағы Қостанай аруы Айткүл Нұрмановаға түсті.

“Қымбатты, Айткүл! Бүгін мен көптен бері армандаған күн келіп жетті. Мүмкін бүгін сен «Мисс Қазақстан атанбассың, бірақ мен үшін сен ең сұлу, ең ғажап ару болып қалмақсың. Жаным, сүйкімдім, қымбаттым, маған тұрмысқа шыққаныңды қалаймын», – деді сахнада тұрған тележүргізуші.

Айткүл Нұрманова бірден келісімін берді.

Бұл күні «Мисс Қазақстан» байқауының сахнасында тағы бір аруға ұсыныс жасалды. Залда отырған көрермендердің бірі сахнаға жүгіріп шығып, павлодарлық ару Айзат Қожабекованың алдында тізерлеп тұрып ұсыныс жасады. Оның да ұсынысы қабылданды.



Айта кетейік, «Мисс Қазақстан» байқауына Қазақстанның 18 қаласынан 25 бойжеткен қатысты. Сұлулық бәйгесінде әр қаланың аруларынан бөлек, “Мисс Instagram” байқауының жеңімпаздары бақ сынасты. Ал аздаған уақыттан кейін еліміздің атынан «Әлем аруы -2017» байқауына қатысатын ару анықталады.

Рекомендовать
Последние новости