Министр Саясат Нұрбектің үстінен арыз түсірген түлектердің тағдыры белгілі болды

Көркем Алдабергенова 17 сент. 2024 09:41 2594

Биыл мектеп түлектері Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен 22 арыз түсірген. Бұл туралы министр Саясат Нұрбек мәлім етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz КТК телеарнасына сілтеп. 

"Қазір Астана әкімшілік сотында бір ғана іс қалды, 19 қыркүйек күні бірінші отырысы өтеді. Бірақ сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің грантын да, мемлекеттік грантты да алған. Сондықтан соттың шешімін күтеміз", - деді ол.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда сотқа жүгінген түлектердің барлығы грант иеленген.

Биыл су басқан өңірлерге квота бөлінгендіктен ҰБТ-дан жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмай қалған түлектер әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдірді. Олардың бірқатары Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берген болатын.


Рекомендовать
Последние новости