Мұхтар Тайжан, жер мәселесі - ақшамен бағаланбайды - Айгүл Орынбек

Dalanews 28 февр. 2023 15:56 913

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек саясаткер Мұхтар Тайжанға шүйлікті деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған саясаткердің Жер комиссиясының мүшесі ретінде ақы алғаны себеп болған. Орынбектің айтуынша, жер, тіл, ұлт мәселесі - ақшамен бағаланбайды.

"2016-2018 жылдары Жер комиссиясы мүшесі ретінде өз жүрген-тұрғаныма, біреуден бір тиын алған емеспін!

Жазылған жазбаларыма, көтерген мәселелеріме ешкімнен қаражат алмағанмын деп Елдің алдында ашық айта аламын. Ал егер менің атымды пайдаланып Мұхтар Тайжан Үкіметтен ақша алған болса, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп-тексеруді сұраймын!

Бұл мәселені неге бүгін көтеріп отырғанымды сұрасаңыздар, айтайын!

Себебі екі күн бұрын Мұхтар ағам өз сұхбаттарында “лоббилік қызметі” үшін ақша алып отырғанын айтты.

Жер мәселесін көтеріп жүрген барлық комиссия мүшелері сондай деп ойламас үшін, Халық алдында жүзімді ашып алғанды жөн көріп отырмын!", – дейді ол.

Орынбек жер дауы кезінде Мұхтар Тайжанның бас пайдасын ойлап, атқарған жұмысы үшін ақы алғанына қынжылғанын айтады.

“Елдің алдында жүрген белсенділер “заказға” жазады”, “заказ” орындайды”, “біреудің мүдессін ақша үшін мадақтап-мақтайды” деген алып-қашпа әңгімелер осындай кісілердің арқасында шығатынына көзім жетті…

Жалпы Мұхтар ағамның “бетпердесі” Бадамда Қытай зауыты салынайын деп жатыр деп көмек сұраған кезімде шешілген. Содан кейін-ақ, өзімді ол кісіден алыс ұстауды жөн санағанмын.

Жалпы кәсіпкер, иә өз қызметіне ақы алу керек, бірақ Ұлттық мүде ақшаға сатылмау керек. Осыны кез келген Ел алдында “атойлап” жүрген белсенділер біліп жүріңдер. Жер, Тіл, Ұлт мәселесін өз пайдасына пайдаланып, ақша жасап жүрген адам - мен үшін Елін сататын сатқын!", – деп жазған екен желідегі парақшасында Айгүл Орынбек.

https://dalanews.kz/sadak/86872-aqzholdyng-respublikalyq-ugit-nasikh

Рекомендовать
Последние новости