Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұр Отанға" келді

Dalanews 06 мая 2016 07:17 995

Саяси кеңес Бюросының отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін бірінші орынбасардың қызметін атқарып келген Асқар Мырзахметов ендігі жерде Ауыл шаруашылығының министрі міндетін атқаратын болады.

Айта кетелік, бұған дейін Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

Өмірдерек

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед 1960 жылы 12 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

1982-1992 жылдары - «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және әлеуметтану редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас директордың орынбасары. 1992-1999 жылдары - шағын кәсіпорын директоры, «Атамұра» корпорациясының президенті. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заңнама және құқықтық реформа комитетінің хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы. 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қызылорда облысының әкімі. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі қызметтерін атқарған. 2010 жылдың 12 наурызынан - ҚР Мәдениет министрі. 2012-2013 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

Рекомендовать
Последние новости