Мамытбековтың орнына Мырзахметов келді

Dalanews 06 мая 2016 05:39 634

Асқар Мырзахметов ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Айта кетелік бұған дейін Асылжан Мамытбековтың отставкаға кеткені хабарланған болатын. Мемлекет басшысы бұған дейін Асылжан Мамытбековке бірнеше рет ескерту жасаған еді. Ол  Мамытбековтің  өз қызметіне  толық деңгейде сай емес екендігін айтқан-тұғын. 


Ал жаңа министр Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауылшаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.

Бұған дейін ол "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 

"Қала мен Дала"


Рекомендовать
Последние новости