Мұхтар қайда барады?

Dalanews 20 мар. 2015 05:43 1002

Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттің кеңесшісі қызметінен босағанда, жұрт оны биліктен ығыстырылды, өз карьерасын аяқтады деп бір гуледі. Одан соң Президент сайлауына түседі десіп тағы дүрлікті. Ақыры, Президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабын басқаратын болды.
Елбасыға жағуда алдына жан салмайды. Әйткенмен, көпшілік орта, әсіресе, журналистер қауымы Арыстанбекті онша ұната қоймайтыны тағы бар. Оған қарағанда, баспасөзде Мұхтар мырзаның бейнесі әжептәуір сүйкімдірек.

Біздіңше, ол бұл орынға лайықты. Қазірше... Мұхтар Абрарұлы елді ұйымдастырып, жарнамалық мәселені оңды шешуге ысылған адам. Ханға да, қараға да жағудың жолын жетік меңгерген. Отты сөзді, жылдам істі жаны сүйеді. Елдегі ірі науқандарда білекті сыбанып тастап, топ бастап, көсемдерді шешендігімен тәнті ететін Мұхтар мырзаның бұл жолғы сайлауда өзін тағы бір дәлелдей түсері анық. Соңғы бірнеше жылда оның тек кеңесші болғанын жұртшылық әр саққа жүгіртіп, «Президентке ұнамай қалыпты, бұрынғы атқарған жұмыстарынан шикілік шығыпты, ірі топтармен байланысы нашарлапты» деген жел сөзді таратқан болатын. Ол сөздердің де тектен тек тарамағаны белгілі.

[caption id="attachment_9804" align="alignleft" width="224"]Арыстанбек Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы[/caption]

Енді не болар екен? Мұхтар Абрарұлы Президенттің көзіне қайта түсе ала ма? Қазір жұртты осы сұрақтар толғандыра бастады. Білетіндер, Мұхтар Құл-Мұхаммед өзі жақсы білетін Мәдениет министрлігіне қайтадан иелік етеді десіп жүр. Арыстанбек Мұхамедиұлының екпіні де тәуір-ақ. Ол да елден бұрын, Елбасыға жағуда алдына жан салмайды. Әйткенмен, көпшілік орта, әсіресе, журналистер қауымы Арыстанбекті онша ұната қоймайтыны тағы бар. Оған қарағанда, баспасөзде Мұхтар мырзаның бейнесі әжептәуір сүйкімдірек. Зиялы қауым өкілдеріне, әсіресе, қаламгерлерге жуық жүретін Мұхтар Құл-Мұхаммед қай жағынан алсаңызда Арыстанбектен әлдеқайда салмақты. Сондықтан, Мәдениет министрлігінің тізгінін қайта ұстауы бек мүмкін.

Тағы бір болжау бойынша, Мұхтар Абрарұлы ҚР  Президенті аппараты әкімшілігінің жетекшісі болады-мыс. Ұзақ жылдық тәжірибесі бар оған бұл орын да бұйыруы әбден мүмкін. Президент аппаратының қазіргі жетекшісі Нұрлан Нығматулин кезінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары болып, ел мен жерді жіті аралады, ақпараттық ресурстарды жетік пайдалана білді. Президент аппаратына барғанына бір-ақ жыл өтті. Жылы орнын оңайлықпен бере қоймас. Не айтсақ та, Мұхтар Абрарұлы сайлаудан кейін жерде қалмайды.

Рекомендовать
Последние новости