Елді кімдер алдап жүр?

Dalanews 20 мар. 2015 05:37 911

Жуырда теледидардан көрдім. Атырауда өткен аймақтық кеңестің кеңейтілген отырысында Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев елімізде шетелге экспорттайтын ештеңе жоқ екенін айтып күйінді.

“Әзірге экспорттайтын ештеңе жоқ. Бізде экспортты қолдайтын бағдарламалар жеткілікті, қаржы да бөлінді, бөлініп те жатыр. Алайда, өкінішке орай, қолдайтын өнім жоқ”, – деді Құлыбаев кәсіпкерлерге шүйлігіп. Оның ойынша, кәсіпорындар құрар кезде нарықты асықпай зерттеу керек, Ресей, Беларусь, Қытайдың аужайын бақылау керек. Өйтпей, мандымаймыз. Тимур Құлыбаев, сондай-ақ, қазірдің өзінде Еуразиялық одақтың бәсекелестігіне шыдас бермей, кейбір салалардың тоқыраудың алдында тұрғанын жайып салды.

“Алда Дүниежүзілік сауда ұйымының қақпасы ашылғанда, алпауыт Қытай нарығымен бәсекелестік күтіп тұр”,– деді ол тағы да.

Бұл сөзге риза болған жұртшылық бас шұлғысып, «Ия, солайы солай» десіп жатты. Мен таңырқадым. Құлыбаевтың сөзіне емес, өзіне... Басқа біреу айтса, иланар едім.
Біздің инновациялық-индустриялық дамуымыздың бос сөз екенін Құлыбаев мырза дәлелдеп берді. «Қазақстан» мен «Хабарда» көрсетілетін қаптаған зауыт-фабрикалардың жұмысы бос шығын екенін, көзді алдау, елді алдау науқаны үшін жасалған шаралардың көптігін сезе түскендей болдым. Бәлкім, жылына жүздеген зауытты іске қосатын Елбасыны алдап отырған арнайы топ бар. Сол топтың басы-қасында тегі кімдер жүр? Елді де, Елбасыны да алдағанын қашан қояды?

... Құлыбаев атқарған қызметтеріне зер салыңыз. Біздің экономикалық,  кәсіптік салалардың бәрінде Құлыбаевтың ізі сайрап жатыр. «Атамекен», «Самұрық-Қазына», KazEnergy, KEGOK, «ҚазМұнайГаз», «ҚазАтомПром», «ГазПром» секілді жіліктің майлы басын ұстаған, үнемі қаржы көп, инвестициялық тартымдылығы жоғары, экспорттауға қолайлы орындарда басшылық еткен, индустрияны дамытуға мол мүмкіндігі бар Қазақстандағы ең бай адамның бірі бұлай дегеніне шынымен таңырқадым. Біздің инновациялық-индустриялық дамуымыздың бос сөз екенін Құлыбаев мырза дәлелдеп берді. «Қазақстан» мен «Хабарда» көрсетілетін қаптаған зауыт-фабрикалардың жұмысы бос шығын екенін, көзді алдау, елді алдау науқаны үшін жасалған шаралардың көптігін сезе түскендей болдым. Бәлкім, жылына жүздеген зауытты іске қосатын Елбасыны алдап отырған арнайы топ бар. Сол топтың басы-қасында тегі кімдер жүр? Елді де, Елбасыны да алдағанын қашан қояды? Егер сұранысқа ие тауар өндіре алмаса, миллиардтаған теңгені шағын және орта бизнеске неге таратпайды? Қит етсе кетеуі кетті, азды-тозды деп, қырғыздарды жамандаймыз. Ал олар шағын өнеркәсіпті әлдеқашан жолға қойып үлгерді. Базарға барыңыз, киеріңіздің бәрі солардікі. Әрине, кәсіпорындардың бәрін жамандап, зауыттың бәрін іске алғысыз етер біз жоқ. Бірақ, айтылған сөз – атылған оқ. Жылтыр сөзбен өмір сүргенше, шындықты уақтылы айтқан дұрыс. Құлыбаев мырзаның өзі де индустриялды-инновациялық дамудың белсенді «мүшесі» емес пе еді? Ендеше, неге экспортқа тәуелді өндіріс ошақтарын ашуға мұрындық болмайды? Қашанғы өңделмеген мұнай, алтын, темір, мыс, мырыш сатамыз? Қазақтың өңдеу саласына ғылыми ахуалы, біліми негізі жетпей ме? Түсініксіз.

 Тілеуқабыл Тұрсынбай,


зейнеткер


Рекомендовать
Последние новости