"Мұның бәрі жалған...". Назарбаева Лавровқа жауап қатты

Dalanews 11 нояб. 2021 05:32 813

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева Сергей Лавровтың мақаласындағы "ксенофобия" турасында айтылған жеріне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бүгін таңертең менімен қатар осындағы көптеген әріптестерімді - Мәжіліс депутаттарын АҚШ үкіметі қаржыландыратын "Азаттық радиосының" өкілдері сұрақтың астына алды. Олар Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың "Ресей және Қазақстан: шекарасыз ынтымақтастық" мақаласындағы бір сөйлемге дереу жауап беруді талап етті.

Әрине, аталған сөз тіркес толық мәтіннің ортасынан жұлынып алынған, мұны Лавровтың мақаласын басынан аяғына дейін оқысаңыз, байқау қиын емес.

Бірақ соңғы кездері Ресей мемлекетінің жоғары лауазымды өкілдері мен ресейлік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздегі өмірдің бір тұсына ғана көбірек назар аударуы қазақстандықтарға қалай көрінеді?


Ұлтаралық татулық пен келісім – Тәуелсіздігіміздің 30 жылындағы басты жетістіктеріміз дегенге қазақстандықтар шын жүректен сенеді.

Бүгінде елімізде жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстанның Конституциясында орыс тілінің мәртебесі бекітіліп, көрсетілген әрі біз оның маңыздылығын жоғары бағалаймыз. Көптеген мектептеріміз, колледж және университеттерімізде сабақ орыс тілінде оқытылады. Миллиондаған қазақстандық орыстар айналасынан қандай да бір "ксенофобияны" көріп-біліп жатқан жоқ.

Қазақтар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар, немістер және Қазақстанның көптеген басқа халықтары өз ортасынан ондайды байқаған емес.

"Ксенофобияның резонансты көріністеріне" келетін болсақ, олардың әрқайсысы құқыққорғау органдары мен қазақстандық қоғам тарапынан дер кезінде шынайы өз бағасын алуда. Солай болған, солай болады әрі қарай да солай бола береді.

Әрине, Қазақстан мен Ресей сияқты тату көршілер арасында талқылауға жатпайтын жабық тақырыптар, қосарлас стандарт (өз ішінде, сол секілді сыртта да) деген болмауы керек. Оның үстіне, Ресейдің өзінде де айтарлықтай қоғамдық наразылық тудыратын және Ресей мемлекетін жағдайға сай әрекет етуге мәжбүрлейтін "ксенофобиялық көріністер" арагідік төбе көрсетіп қалып жатады.

Әрине өкінішті, Ресейдің жоғары деңгейде біздің елдегі тұрмыстық саладағы ұлтшылдықтың жекелеген көріністеріне осындай реакция болып жатқаны, иә, әлемнің көптеген еліндегі сияқты бізде де кейде ондай жайттар орын алып жатады. Мұндай реакция көптеген қазақстандықтарды, бір жағынан таң қалдырып, тағы бір жағынан қатты қынжылтып отырған жайы бар.

Сергей Викторович былай деп жазады: "Жекелеген жағдайлар, негізінен, сырттан қолданылған арнайы ақпараттық айла-шарғылардың жемісі". Меніңше, мұндай жағдайларға қатысты ресейлік ресми реакция шетелдік агенттердің диверсиялық жұмысы, егер ол солай болса, онда өз мақсатына жеткенін дәлелдейді.

Ал бұл, әрине өзекке түскен өкінішті екі есе ұлғайтады".

 

Рекомендовать
Последние новости