Мопед жүргізетіндердің көбі - курьер болып істейтін шетелдік азаматтар

Сағыныш Сардарова 17 июн. 2025 15:46

Алматыдағы мопед жүргізушілерінің 95%-ы нөмір мен жүргізуші куәлігін алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа заң күшіне енгеннен кейін Алматыдағы мопедке байланысты мәселе қалпына келген. Ресми ақпаратқа қарағанда, қазір мопед айдайтындардың 95%-ы көлігін тіркеуден өткізіп, жүргізуші куәлігін алып үлгерген. Сондықтан мопедін нөмірсіз жүргізетіндер бұрынғыдай емес, саябырсыпты.

"2025 жылдың 5 сәуірінен бастап күшіне енген жаңа заңға байланысты мопедтердің барлығы тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмір, техпаспорт, сақтандыру полисін алуға тиіс болатын. Енді арнаулы куәлігіңіз болса ғана мопедті жүргізе аласыз, онсыз болмайды", - дейді Салтанат Әзірбек.

Ең көп кездесетін заң бұзушылық:

- жол белгілерінің талабын елемеу;
- тұтас жолақты кесіп өту;
- жолақты ауыстырғанда тұтас сызықты кесіп өту;
- көзді қарықтыратын шам, талапқа сай келмейтін дыбыс бәсеңдеткіш сияқты құрал-саймандар салып алу.

"Жүргізушілердің көбі шамын ауыстырар кезде зауыттан шыққан шамы жөнді жарқырамайды дегендей уәж айтады. Бірақ арнаулы рұқсат болмаса, шам мен өзге де құрал-сайманды өз бетінше сала беруге тағы болмайды", - деп ескертті департамент өкілі.

5 сәуірден бері заң бұзған осындай 5000 мопедтің иесі әкімшілік жауапқа тартылып, 2000 көлік айып тұрағына қойылған.

Әкімшілік полицияның ақпараты бойынша осы уақытқа дейін Алматыда 15 мыңнан аса мопед тіркеліпті.

Мопед жүргізетіндердің көбі курьер болып істейтін шетелдік азаматтар екенін де айтып отыр полиция қызметі.


Рекомендовать
Последние новости