Танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапарының мәні тереңде екенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Иран мен Қытай арақатынасы
Иран Қытайға ірі мұнай жеткізушілердің бірі саналады. Биыл көктемде Ираннан Қытайға мұнай жеткізу көлемі тәулігіне 1,91 миллион баррельге жеткен. Ал былтыр Иран мен Қытай арасындағы мұнай саудасының көлемі 34,1 млрд долларға жуықтаған.
Қытайды Қазақстанда не қызықтыруы мүмкін?
Сарапшының пікірінше, қазіргі геосаяси ахуалға байланысты Қазақстан Қытай үшін тартымды бағыт болуы мүмкін.
"Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс өршіген кезде Израиль Иранның мұнай-газ инфрақұрылымына соққы жасай ма деген сұрақ туындайды. Әзірге соққы жасалған жоқ, өйткені мұндай соққы АҚШ тарапынан қолдау таба қоймас еді, Трамп әкімшілігінің кезінде мұнай бағасының төмен болуы стратегиялық мақсаттардың бірі болатын. Бірақ мұндай жағымсыз сценарий жалғаса берсе, әсіресе, Иран Ормуз бұғазын жабуға шешім қабылдаса, Қазақстан Қытайға мұнай жеткізу тұрғысынан тартымды бола алады. Әзірге аз көлемде жеткізіледі. Си Цзиньпиннің Таяу Шығыстағы соғыс басталған кезде Қазақстанға сапары жаңа мәнге ие болуы мүмкін", - деді ол.
Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары
16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.