Мейрам Қажыкен 83 жастағы еңбек ардагеріне құрмет көрсетті

Dalanews 26 окт. 2022 11:37 667

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Ұлытау облысында жалғасты. Бүгін ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, қаланың құрметті азаматы Яхия Асатовтың шаңырағына барды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Үміткер қарияға құрмет көрсетіп, тау-кен өндірісінің барлық кезеңдерінен өткенін еске салып, энергетикалық қызметте еңбегінің орасан зор екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда 83 жастағы Я.Асатов «Қазақмыс» корпорациясының ардагер қызметкері, Ұлытау-Жезқазған өңірінің ақсақалдар кеңесінің мүшесі болып саналады. Ол екі рет Оңтүстік кені кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланған.

Бұрынғы әріптестер әлі күнге дейін бұл туралы жылы лебізін білдіріп, зор құрмет көрсетеді.

Кеншілердің өндірістік және тұрмыстық жағдайлары мен өмірін жақсарту үшін көп жұмыс істегені көптің есінде.


Кездесу барысында М. Қажыкен ақсақалға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Яхия Жақыпбекұлымен әсіресе кәсіподақ қызметі тақырыбында көп пікір алмасты. Сондай-ақ еңбек ардагері де батасын беріп, ақылын айтты.

Рекомендовать
Последние новости
Соңғы рейс...
27 дек. 2024 12:15