Мемлекеттік деректер базасы істен шықты

Dalanews 13 февр. 2017 10:35 1063




Мемлекеттік деректер базасының істен шығуына байланысты қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірқатар қызметті алу мүмкін емес, деп хабарлайды Baq.kz.




«Бүгін сағат 8:00-де ҚР Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасы істен шықты. Осыған байланысты қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірқатар қызметті алу мүмкін емес», - деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет».

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ақаулықтар анықталысымен-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арқылы деректер базасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Ақпараттық жүйе жұмысының қалпына келтірілгендігі туралы қосымша хабарланатын болады»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі кезде ХҚКО-ларда келесі қызметтерді алу мүмкін емес:

1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;

2. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;

3. Жылжымайтынмүлікобъектілерініңтехникалықпаспортын беру;

4.Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру;

5. Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;

6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;

7. Жылжымайтынмүліктіңболмауы (болуы) туралыанықтама беру;

8.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;

9. Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру;

10.Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;

11.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

12. Тұрғын үй көмегін тағайындау;

13. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау бойынша анықтама беру.

Осы ретте, ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметіне тұрақты тіркеу де, уақытша тіркеу де қамтылатынын айта кету керек. Осылайша, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі деректер базасындағы ақаулықтар жойылғаннан кейін ғана қолжетімді болады.


Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Рекомендовать
Последние новости