Мектептерде соңғы қоңырау өтетін болды

Dalanews 11 мая 2020 09:31 859

Бірақ ол 25 мамырда емес, 3-4 маусымда өтеді.

Еліміздегі төтенше жағдайдың жойылуы туралы брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов оқу жылының аяқталуына қатысты жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Негізінен, ол мектептердегі соңғы қоңырау болатынын айтты.

Адамдар саны шектеулі, ашық аспан жағдайында мектептерде 3-4 маусымда соңғы қоңырау өтеді, - деді Тоғжанов.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова осыған қатысты желіде жазба жариялады.

"3-4 маусымда 11 сынып түлектері қолына аттестат тапсыру туралы шешім қабылданды. Бұл шара жыл сайын маусым айының ортасында өткізілетін. Биыл түлектерге арналған қорытынды аттестатциялау болмайтынын және ҰБТ-ға дайындықты ескере отырып, біз оны маусымның басына қарай жылжыттық. Биылғы салтанатты шараның ерекшелігі - мереке аясында 11 сыныпты тәмамдаған түлектерге аттестаттар салтанатты түрде тапсырылып, соңғы қоңырау соғылады", - деп жазды Каринова facebook-та.

Сонымен бірге бұл іс-шара мектепте, ашық аспан аясында бөтен қонақтарсыз, 11 сынып түлектерінің қатысуымен және санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуі керек.


"Шара кезінде түлектерге мектеп формасында болу ұсынылды. Сонымен қатар, салтанатты шарадан соң 11-сыныпты бітірушілердің ағаш отырғызу шарасын Экология министрлігімен бірлесіп, ұйымдастыру жоспарлануда. Кейіннен мұндай акцияны өткізу 25 мамырға белгіленеді", - деді ол.

Рекомендовать
Последние новости