Мектеп, жатақхана, аурухана, спорт сарайын тұрғызу әлдеқайда маңыздырақ - Тоқаев

Азамат Қойшығара 15 мар. 2024 16:31 9903

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді әлеуметтік нысандар салуға шақырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Елге жанашыр іскер азаматтар бізде де аз емес. Мұндай азаматтар қоғамға қажетті көптеген жобаға қаржы салып, игі істердің басы-қасында жүр. Қайырымдылық және волонтерлік бастамаларға демеушілік жасап келеді. Мемлекет те отаншыл азаматтарды өзгелерге үлгі етіп, оларға қолдау көрсетеді", - деді Тоқаев.

Оның сөзінше, аймақтарда өз қаржысына мешіт салған кәсіпкерлердің ниеті түзу, оларды түсінуге болады.

"Алайда, жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай немесе спорт сарайын тұрғызу әлдеқайда маңыздырақ. Мұның сауабы мол. Кейінгі ұрпақ та осындай игі істерге алғыс айтары анық.

Бизнес өкілдері барлық салада белсенді болуы қажет. Мұқтаж жандарға қолынан келгенше көмек көрсетіп, әрдайым әлеуметтік жауапкершілік танытуы керек. Сонда ғана, шын мәнінде, жаңа ұлттық буржуазия қалыптасады деп айта аламыз", - деді Президент.

Дәл осындай ұлттық буржуазия өкілдері бәсекеге қабілетті экономика құруға және халқына қалтқысыз қызмет етуге қашанда дайын болады.


Рекомендовать
Последние новости